Бүгін #қысқаданұсқа айдарында сізге соттылықтың болуы/болмауы туралы анықтаманы алу тәсілдерін таныстырмақпыз

Еgov.kz электрондық үкімет порталы арқылы

Порталға бір реттік құпиясөз не ЭЦҚ арқылы кіріп, «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» қызметін таңдау және Қызметке онлайн тапсырыс беру қажет.

Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут; қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні.

«eGov mobile» қосымшасы арқылы

Ол үшін eGov mobile қосымшасын ұялы телефонға жүктеп, авторизациядан өту жеткілікті.

Танымал қызметтердің арасында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама бар, оған қызметтер тізімінен немесе «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімі  арқылы тапсырыс беріңіз.

10 минут ішінде сіз анықтама аласыз (қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні. Шетелге шыққан жағдайда – 5 жұмыс күні).

 

@kenes1414bot Telegram-bot арқылы;

Telegram мессенджерінде @kenes1414bot көмегімен диалог терезеcін ашып, «Қызметтер» мәзірін таңдайсыз. Одан әрі «Топ-қызметтер» немесе «сот ісін жүргізу» бөлімінде «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама» дегенді басасыз. Келген анықтаманы телефонға жүктеп не электронды поштаңызға жолдай аласыз.

Дәл осындай жолмен анықтаманы фейсбук және Вконтакте желілеріндегі egov.kz парақшасының мэссенджерінен сұрата аласыз.

Мұндай анықтама балаңызға қажет болған жағдайда, ХҚО-ға жүгіну қажет.

Ол үшін тіркелген жеріндегі ХҚО-ға баланың ата-анасы өз құжаты мен баланың туу туралы куәлігін ұсынады.  Анықтама 10 минут ішінде дайын болуы тиіс (Қосымша тексеру жүргізу қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күні. Шетелге шыққан жағдайда – 5 жұмыс күні).

Назар аударыңыз, барлық онлайн тәсілмен қызмет алу үшін Сіз мобильді азаматтар базасында тіркелуіңіз керек!

Back to top button
Close