Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы көрсетілетін қызметті eGov.kz порталы арқылы қалай алуға болатынын айтып бергіміз келеді

Достар!

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы көрсетілетін қызметті eGov.kz порталы арқылы қалай алуға болатынын айтып бергіміз келеді.

Өтініш беру үшін egov.kz электрондық үкімет порталында авторизациядан өту қажет, «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөліміне өтіп, беттің сол жағындағы  «Зейнетақымен қамсыздандыру» тармағын таңдаңыз, содан соң көрсетілетін қызметтер тізімінен «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» таңдаңыз.

Көрсетілетін қызметті алу үшін: 1 «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өтіңіз

2Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-ға қол қойыңыз

3Өтінімде «Қазпошта» АҚ немесе екінші деңгейдегі банкте («Халық банкі» АҚ, «Казкоммерцбанк»АҚ) ашылған жеке шоттың(IBAN)  нөмірін көрсетіңіз»

4.Жеке кабинетте өтінімді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз

Бұл хабарлама Сізге қызықты болатынына сенімдіміз!

Back to top button
Close