Бүгінгі айдарында ЭЦҚ мерзімін ұзарту жайында айтатын боламыз

          Баршаңызға сәлем! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында ЭЦҚ мерзімін ұзарту жайында айтатын боламыз. Ең алдымен сіздің телефоныңызға ЭЦҚ мерзімінің аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама  келеді. Ақпаратты тексеру үшін  Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кіріп,  жеке кабинетіңізден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімін тексеріңіз.  Одан әрі:

Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректерді толтырыңыз;

«Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзін  дұрыс енгізген кезде аутентификация кілті бейнеленеді. Қол қойып, әрі қарай жұмысқа кірісеміз;

ЭЦҚ кілттерімен жұмыс жасау үшін «Менің ЭЦҚ кілттерім» бөліміне көшеміз.

Ашылған мәзірден «ЭЦҚ кілттерін қайта шығару» тармағын таңдаңыз.

Негізгі жолдарды толтырыңыз, «Өтінім беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;

ЭЦҚ-ны сақтау үшін компьютерді таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгізіңіз, одан кейін «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.

Есіңізде болсын

Мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейді;

Құпиясөзде төменгі және жоғарғы регистрдегі латын әріптері, сондай-ақ сандар болуы тиіс;

Құпиясөздің ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.

Электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңіз, ол адам сіздің дүние-мүлкіңізге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады

 

Back to top button
Close