«Дедалдар» несімен қауіпті

ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз «Делдалдардың» немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады:

– заңды және қаржылық мәмілелер жасау;

– сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу;

– сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады.

Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және «ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының» жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз.

Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми Youtube-арнасында ең танымал мемлекеттік қызметтер бойынша бейне нұсқаулықтар бар.

Back to top button
Close