Бала күтімі бойынша жәрдемақыны қалай онлайн алуға болады

Әрине, бала дүниеге келгеннен кейін аналардың бос уақыты болмайды. Мемлекет тарапынан бала күтімі үшін бір реттік жәрдемақы төленетінін ұмытпаңыз. Соңғысын Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бірнеше минут ішінде ресімдеуге болады. Төменде толық нұсқаулық көрсетілген:⠀

  1. Egov.kz порталына кіріңіз⠀
  2. Іздеу батырмасы арқылы «Баланы бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» қызметін табыңыз⠀
  3. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз⠀
  4. Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ-мен қол қойыңыз⠀
  5. Өтінімде жеке шот нөмірін (IBAN) көрсетіңіз⠀

Ескерту: Дербес шот өтініш берушінің атына ашылуы тиіс.⠀

  1. Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) бала туғанда берілетін жәрдемақыны тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламамен танысыңыз.⠀

Хабарлама 7 жұмыс күні ішінде келіп түседі.

Back to top button
Close