Кәсіп ашқыңыз келе ме? Алайда оны қалай ашу керектігін білмесеңіз, біздің постқа назар салыңыз

Бастапқыда Жеке кәсіпкерлік немесе ЖШС тіркеу нысанын анықтауыңыз керек. Екі қызметті де онлайн түрде өз бетіңізше ала аласыз.  Ал бүгін сізге ЖШС тіркеу жолын түсіндіреміз. Бұл қызмет түрін ХҚО-ға барып алуға болады, бірақ онлайн жолы сіздің уақытыңызды үнемдейді.

Деректердің басым бөлігі мемлекеттік органдардың деректер қорында болғандықтан, негізгі әрекеттер төменде көрсетілген:

  • ЭЦҚ көмегімен Egov.kz порталынан авторизациядан өтіңіз
  • «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін банк шотын ашуды және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды ескере отырып есептік тіркеу» қызметін табыңыз
  • Заңды тұлғаны тіркеу түрін таңдаңыз
  • Өтінімде мекенжай деректерін, үш тілдегі атауын, басшының деректерін және құрылтайшылар туралы мәліметтерді көрсетіңіз
  • ЖШС шотын ашу үшін банкті таңдаңыз
  • Сақтандыру шартын жасаңыз
  • ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз

Бірнеше құрылтайшылар болған кезде әрбір құрылтайшының өтінімге қол қоюы талап етіледі.

Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні, ал ШОБ субъектілері үшін – 1 сағат. ШОБ үшін қызмет құны тегін, ірі бизнес субъектілері үшін құны – 18 382 теңге.

Өз бизнесіңізді оңай әрі тез бастаңыз!

Back to top button
Close