ӘКІМНІҢ БЛОГЫНА ТҮСКЕН СҰРАҚҚА ЖАУАП

CҰРАҚ:

Салеметсиздер мен сиздерден сурайтынынм мемлекеттен кандай комек береди мен еки баланын анасымын аке шешем камкоршысы улым былтыргы жылдан аяк асты ауырып сонында онкология болды жагдайым осындай ауруды тилеп алмадык отирик болмасын анам еки сахариница мен бир рулет акелген 8 марта и все алеуметтик комеке документ дайндап жургенде улым ауырып содан али кунге дейн ауруханадамыз казирги кезде киын уакыт откизип жатрмыз бир конил болсениз шубар акимдигин жок

Жауап:

Ордабасы ауданы Шұбар  ауыл  округіне  қарасты  Береке  елді  мекені  Жандарбеков көшесі  №68  үйдің  тұрғыны  Асанова  Жанар,  Сіздің ауданның  ресми  сайтына  жолдаған сауалыңыз бойынша төмендегіше мәлімдеймін.

Сіздің қазіргі уақытта тұрақты тұрғын мекен жайыңызда болмауыңызға және елдегі орын алған  төтенше жағдайға байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмектер жайлы телефон арқылы түсіндірілетін болады.

Сонымен қатар сіз үйіңізге оралған кезде демеушілер есебінен бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілетін болады.

CҰРАҚ:

Құрметі Әкім мырза Темырланда Турманжанов
Кошесы осыдан 2014 жылы арыс өзенінен болынген Қүртай арығы тазалау жумысы жүргызылген тазалау кезынде турманжанов кошесы лаи батпака ж/е арыктан шыкан калдықа толы болды тазалау жымысын жургызгендер жолды жауып тастады көлік кіретын жол жок болып калды.мен өз каражатымды жумсап жолды лаи батпактан тазартып алдым осы Құртай арыкпен откен Турманжанов кошесыне жол жасап берунызды суранам ж/е осы маселе оз максатына жетеме

Жауап:

ішкі саясат

CҰРАҚ:

Саламатсызба құрметті Әліпбек Шәріпбекұлы , мен Ордабасы Аудандық Орталық Ауруханасына 2019 ж 26 тамыз күні педиатр дәрігер болып жұмысқа орналастым . Жас маман ретінде аудан әкімшілігінен көтерме сыйақы алуға құжаттарымды 18.12.2019ж өткіздім. Маған құжаттарыңыз қабылданып, кезекке қойылдыңыз деген жауап келді. Сол сыйақыны нақты қашан аударылатынын маман басшысы айтпай отыр. Нақты жауап ала алмағандықтан өзіңізге жазып отырмын. Өтініш менің мәселемді шешуіңізді сұранамын. Нақты жауап болғанын қалаймын.

Жауап:

Елемес Мөлдір

CҰРАҚ:

Асалаумагалеикум
Мен жерге кезеке туру үшін каида барсам болады ж/е кандай кужаттар керек

Жауап:

Ж.Әтірбековке

Сіздің, аудан әкімдігінің ресми сайтына жолдаған өтінішіңіз бойынша төмендегіше мәлімдейді:

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына сәйкес, қаланың, кенттің, ауылдық елді мекеннің шекарасы шебінде  құзіретіне жер учаскелерін жеке меншікке беру және жер пайдалануға беру жататын аудандық маңызы бар қалалар, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға түсіреді. Азаматтың атыфнда жеке тұрғын үй құрылысы үшін  бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесі болмаған жағдайда және жер учаскесін бөліп беру үшін алаңдар болмаған жағдайда өтініштердің кезектілігіне қойылады.

Өтінішгте жер учаскесін пайдалануың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жері, сұралатын пайдалану құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшін бұрын мемлекет өтеусіз негізде берген басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының азаматы берген өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, ал оралмандар берген өтінішке – оралман куәлігінің көшірмесі қоса беріледі.

CҰРАҚ:

Ассалаумағалейкум Әріпбек Шәріпбекұлы мырза!Менің қояр сұрағым Темірлан елді мекені, Т.Айбергенов көшесінде қашан жарықтандыру құралдары орнатылады? Жарық шамдар болмаса осы көшеде тұратын тұрғындардың бала шағалары мектепке барады. Қазіргі таңда Қыс мезгілінде мектепте қайтарда қараңғы болып кеш қайтады, уайымдаймыз. Орталық көшелерде жарықшамдар бар, орнатылған. Темірланнның шеткі аймақтарында қашан жарықшамдар орнатылады? Нақты жауап күтеміз.

Жауап:

Темірлан елді мекені, Т.Айбергенов көшесінің тұрғыны Н.Қиянбековке

Сіздің, Аудан әкімдігінің ресми сайтына жолдаған өтінішіңіз бойынша төмендегіше мәлімдейміз:

Темірлан елді мекені, Т.Айбергенов көшесіне жарықтандыру құралдарын орнатуға 2020  жылға қаржы қаралмаған.

Аудан көлемінде бірінші кезекте аудан орталығы Темірлан ауылының орталық көшелері мен басқа елді мекендердің орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Алайда, мәселенің маңыздылығын ескере отырып, сметалық құжаттама әзірленіп, бюджетке қаржы қарастыруға ұсынылатыны жөнінде хабарлаймын.

CҰРАҚ:

Саламатсыз ба! Мен 2013 жылы жер кезегiне турганмын содан умiтпен журмiн бiр жер алармын деген. Сiзге сурагым 2020 жыл ягни осы жылы Ордабасы ауданы Темiрланнан жер берiле ма отiнiш жауап берсенiз.

Жауап:

Сіздің 2020 жылдың 11 қаңтардағы аудан әкімдігінің ресми парақшасына жолдаған сауалыңызға төмендегіше мәлімдеймін:

Қажымұхан ауыл округі бойынша жерге кезекте  №1996 болып тіркелгенсіз (өтінішіңіз 15.04.2014 жылы жазылған).  Үй іргелік жер  Темірлан ауылына қарасты Самал-2,3 мөлтек аудандарындағы  инфрақұрылым жұмыстары 30.10.2020 жылы біткеннен кейін берілетінін хабарлаймын.

Cұрақ:

2019 жылы 29 қазанда аудан әкімінің жеке қабылдауында Арыстанды елді мекенінің тұрғындары Махаштардың шаруа қожалығына берілген жерледің пайдалану заңдылықтары туралы қабылдауда болдық. Әкім 1 ай көлемінде мәселені зерттеп шақырту жіберуге уәде берген. Осы жағдай бойынша әкімнің қабылдауына кіру жайлы ақпарат қажет.

Жауап:

Қ.Махаш ,Б.Махаш ,О.Махаш, Н.Махаштардың  Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралы экономикалық сотының өндірісіндегі талапкер аудан әкәмдігінің 09.10.2017 жылғы 402 қаулысын және кадастырлық нөмері 19-293-040-944 сәйкестендіру актісін ,Ордабасы аудандық жер  қатынастары бөлімі  мен азамат  Г.Усеновтың арасындағы 17.10.2017 жылғы №449 санды жер учаскесін  жалға беру  келісім шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы түсірген және төмендегі себептермен қанағаттандырусыз қалдырған.

Біріншіден:   Ордабасы  ауданы әкімінің 02.04.2001 жылғы №792,794,795,796 санды шешімдермен  «Мария» ӨК –не қарасты жер учаскелері есебінен жалпы көлемі 65,4га оның ішінде 22,5га суармалы ,42,9 га жайылымдық жерлері  қайтарылып алынып , азамат Махаш Оразбай Баймухаммед, Махаш Намазғали және Махаш Қасымбекке шаруа қожалықтарын жүргізу үшін 49 жылға  жалға бөлініп берілгендігімен, аталған шешімдерге тиісті мемлекеттік сәйкестендіру актілерін алмаған .Алайда аудан әкімдігінің 29.02.2002 жылғы №975 қаулысымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді аудан бойынша пайдаланбаған азаматтардың  жерлері  аудандық жер қорына  қайтарылып алынған .

Екіншіден:   Қазақстан Республикасының  Жер кодексінің 48 бабының 1 тармағы 5 тармақшасында  «Жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе ) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді  (құрылыстарды ,ғимараттарды ) пайдалану және ұстау үшін , оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді  (құрылыстарды ғимараттарды ) Қазақстан Республикасының сәулет ,қала құрылысы және құрылыс  қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет қала құрылысы және (немесе ) құрылысы  құаттамасына сәйкес кенейту және реконструкциялау үшін» іргелес  жатқан жер учаскелері аукционсыз ,конкурссыз берілетіндігі , ал ауыл шаруашылық  жер телімдері  ҚР Ұлттық  экономика министірінің 31.03.2015 жылғы 290 бұйрығымен бекітілген Қағида  талаптарының негізінде конкурс тәсілінде өткізіліп берілетіндігі  көрсетілген .Осыған байланысты Қазақстан  Республикасының  Жер кодексінің 14-1-бабының 3-тармағы  9-тармақшасында  аудандық уәкілетті орган , яғни аудандық жер қатынастары бөлімі  жер сауда-саттығын  (конкурстар ,аукциондар )жүргізу ұйымдастыратындығына байланысты аудан әкімдігі  жанынан  құрылған конкурыстық  комиссиямен бірлесе  отырып ,аудандық жер  қорындағы және аудандық  жер қорына қайтарылған жер телімдері жер учаскесінің жерге орналастыру  жобасына сәйкес ,ауыл шаруашылығы өндіріс жүргізу үшін ер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану  (жалдау ) құқығын  беру жөніндегі  01.09.2017 жылғы  жарияланған  2-конкурсқа  46 лот бойынша  қойылып 02.10.2017 жылы  ҚР  Ұлтты экономика  министірінің 31.03.2015 жылғы  №290 бұйрығымен бекітілген  Қағида талаптарының негізінде  өткізіліп .07.10.2017 жылы  «Оңтүстік Қазақстан »газетіне  конкурс  жеңімпаздары жарияланып , нәтижесінде конкурсқа  қатысып жеңімпаз атанған тұлғаларға соның ішінде  Ғ.Үсеновке  Ордабасы  ауданы , 040 кварталдағы №944 жер  телімі  аудан әкімдігінің 09.10.2017 жылғы №402 қаулысымен заңдастырылып берілген .

Сонымен қатар ,2018 жылдың 07 тамызындағы  5165-18-5-21/1687 санды облыстық мамандандырылған экономикалық сотының судьясы  Н.О.Таштеновтың  төрағалығымен  қаралған азаматтық істің шешіміне сәйкес, Махаштардың  мүделерін қорғаған  облыстық жерт инспекциясы басармасының талап арызын қанағаттандырусыз қалдырған  және  де аталған шешімге келіспеген талап қоюшы тарап облыстық сотқа аппиляциялық шағым түсіріп , нәтижесінде  жоғарыдағы  аталған  шешім  өз күшінде қалдырылған .

Үшіншішен: Қазақстан Республикасының Азаматтық  процестік кодексінің  294 –бабының  1-тармағында  «Азамат және заңды тұлға құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа арызбен жүгінуге құқылы» деп нақты мерзімі көрсетілгендіктен, талапкерлер Қ.Махаш, Б.Махаш, О.Махаш, Н.Махаштардың аудан әкімдігінің 09.10.2017 жылғы №402 санды қаулысына талап қою мерзімін өткізіп алғандығын, талап қоюдың ескіру мерзімін қолданып, талапты қанағаттандырудан бас тартылғандығын назарыңызға саламын..

ЖАУАП:

Жеке кәсіпкер Д.Ержанов пен жеке кәсіпкер С.Абжалов арасында туындаған жер мәселесіне орай, Ордабасы ауданы әкімдігі төмендегіше мәлімдейді:

С.Абжаловқа жер телімін сатып беру туралы Бадам ауыл әкімі М.Қонысовтың 08.01.2016 жылғы Ордабасы аудандық жер учаскесінің құқық беру комисиясының №1 мәжілісінің қорытындысына сәйкес 02.01.2016 жылғы №11 шешімімен құрылыс материалдарды және көмір қоймасы құрылысы орны үшін жер телімін сатып беру туралы толық кадастрлық құнымен 5 254 800 (бес миллион екі жүз елу төрт мың сегіз жүз) теңгеге жеке меншікке 2,1895 гектар жер телімін сатып берген. Аталған шешімге сүйеніп жеке кәсіпкер С.Абжалов кадастрлық номері 19-293-030-6539 санды мемлекеттік акт алғандығы анықталды.
Жеке кәсіпкер Ержанов Даурен Құралбайұлына жер телімін жалға беру туралы Бадам ауыл әкімі Б.Дүйсембаевтың 22.12.2010 жылғы Ордабасы аудандық жер учаскесінің құқық беру комисиясының №43 мәжілісінің қорытындысына сәйкес 05.01.2011 жылғы №1 шешімімен құрылыс материалдарын түсіру алаңын салу үшін 49 жылға 5601,0 шаршы метр жер телімін жалға берген. Аталған шешімге сүйеніп жеке кәсіпкер Д.Ержанов кадастрлық номері 19-293-030-5378 санды мемлекеттік акт алған. Алайда, аталған құжаттар аудандық жер-кадастр бөлімшесінің жер қоры базасынан анықталмады.
Қазақстан Республикасының 19 бабына сай (аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауыл округтер әкімдерінің құзіреті) кіретіндігін және Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 167 бабына сәйкес (жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралатыны)  қаралады. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер Д.Ержановтың арызы негізінде аудандық Ішкі істер бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізілуде.

СҰРАҚ:

Салеметсизбе әкім мырза. Мен Темирлан ауылынын тургынымын.Аты жоним Жапарова Дана. Коктобе даригерлик емханасында даригер болып 2015 жылдан кызмет аткарамын. 2015жылы дипломмен ауылга багдарламасы бойынша тургын уй алуга құжаттар откиздим. 2017 жылы  маган   тургын уй алуга каражат берилудент бас тартылды. Осы сурак бойынша жауап алгым келеди.Жане осы 2018 жылы кайта кужат откизе аламын ба? Комек беруинизди суранамын.

Құрметті Жапарова Дана!

Сіз 2017 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алуға өтініш білдіріп құжаттар ұсынғансыз, құжаттарыңыз комиссия отырысында қаралып 07.08.2017 жылғы №2 хаттамасына сәйкес Сізге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беруден бас тартылған.

«Дипломмен ауылға» жобасының талаптары бойынша, маман сатып алатын тұрғын үйінің мекен-жайы жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдың мекен-жайына сәйкес болуы қажет.

Сіз Көктөбе ауылыныда орналасқан Көктөбе ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 17.07.2015 жылдан жұмыс істейсіз, ал халыққа қызмет көрсету орталығының анықтамасына сәйкес Темірлан ауылында 17.08.2015 жылдан тіркеліп тұрсыз, сатып алатын тұрғын үйіңіз Темірлан ауылында орналасқан. Яғни, тұрғылықты мекен –жайыңыз және сатып алатын тұрғын үйіңіздің орналасқан мекен-жайы жұмыс жасайтын мекемеңіздің мекен-жайына сәйкес емес болғандықтан комиссияның шешімі бойынша Сізге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беруден бас тартылған.

Қағидаға сәйкес, аудан әкімдігінде құрылған комиссия мамандарға әлеуметтік көмек қолдау шараларын беру мәселелері туралы қарастырылғанда Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай жағдайлардың әр түрлі өзгешеліктерін ескере отырып, тиісті және нақты шешім қабылдайды.

Сұрақ:

Сəлеметсізбе Əкім мырза!Мен Шубарсу ауылы тұрғынымын.Бізде өзіңіз білгендей көмірге тапшылық жылда болады,күн суыта бастаса.Соған байланысты біздің ауылға қашан газ желісі тартылады екен?Үйткені бізде халық саны жыл сайын артып келеді.

Құрметпен Ералықызы Балхия.

 Жауап:

Құрметті Балхия Ералықызы!

Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда сәулет жоспарлау тапсырмасы(СЖТ) әзірленуде, СЖТ әзірленгеннен кейін «Ордабасы ауданының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясына» сәйкес жобалау сметалық құжаттама  әзірленіп 2019 жылы  Шұбарсу елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сұрақ:

Саламатсыз ба? Мен Толбасиева Балжан Ансарбаевна “Атамекен ” жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пəні мұғалімі болып 2012 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Қайтарылмайтын жəрдем ақыны алғанмын. Яғни подёмный. 😊

     Менің отбасылық жағдайыма келетін болсам. Мен екі баланың анасымын.  Екі баламды жалғыз өзім тəрбиелеп келемін. Жалдамалы квартирада жүргеніме 6 жылға бара жатыр. Өтініш маған үй алуыма көмек беріңізші. Осы дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша жəне екі балама көмектесіңізші.Өтініш

Рахмет.

 Жауап:

Құрметті Төлбасиева Балжан Аңсарбаевна!

Сіз, Шұбарсу ауылында орналасқан «Атамекен» жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып 2012 жылдан бері жұмыс істеп көтерме жәрдем ақы алған екенсіз. Көтерме жәрдем ақы алғаннан соң, Сіз, тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу үшін комиссияның жұмысшы органына құжаттар ұсынуыңыз қажет болатын. Алайда, Сіз, құжаттар ұсынбағансыз.

Толығырақ «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ақпаратты алу үшін, комиссияның жұмысшы органы «Ордабасы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінуіңізге болады.